2019 жылдың қаңтарынан көмірдің сатылымын онлайн бақылауға болады
МКК-дан мәлім еткендей, онлайн-қойма салық төлеушінің қоймасында қанша көмір қалғанын көруге, сондай-ақ өндірушіден (жерқойнауын пайдаланушы) соңғы тұтынушыға дейін отынның жылжу тізбегін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, тауарға кіріс құжаттарын толтырмастан оны сатуға мүмкін болмайды. Бұл заңсыз операциялар қаупін барынша азайтады.
«Осылайша, «Виртуалды қойма» модулін қолданысқа енгізу, көмір нарығын анағұрлым айқын етеді және көмір өндіретін және сататын компаниялардың көлеңкелі айналымын айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар, Қазақстан нарығында әлеуметтік қажетті тауардың тапшылығы мен қымбаттылығына байланысты шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді», - деді МКК-дан.
«Виртуалды қойма» модулін пайдаланудың нұсқаулықтары және видеосабақтар мына сілтеме бойынша орналасқан.