2019 жылдың 11 айында елімізде 806 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 11 айында елімізде 806 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында 806 842 жеңіл автомобиль тіркеліп, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайызға азайды. Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 768,7 мыңды құрады», - делінген комитет ақпаратында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, өткен жылдың 11 айында 21 690 адам зардап шеккен 14 835 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 2018 жылдың 11 қаңтар-қарашасымен салыстырғанда апат деңгейі 4,2 пайызға артқан.

2019 жылғы 1 желтоқсанда жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 26,9 млрд теңге сомасына 68 356 сақтандыру төлемі жүзеге асырылған.

фото: avtonovostidnya.ru
Соңғы жаңалықтар