2019 жыл Еуропа тарихындағы ең ыстық жылдардың бірі болды - ғалымдар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуроодақтың климатты бақылау қызметінің хабарлауынша, 2019 жыл Еуропа тарихындағы ең ыстық екінші жыл болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат France24 басылымына сілтеме жасап.

«Коперник» Климаттық өзгеріс қызметі жариялаған мәліметтер былтырғы жыл 2016 жылдан кейінгі ең ыстық жыл болғанын көрсетеді.

2019 жылы Еуропадағы орташа температура 2016 жылдан сәл ғана артта қалған.

C3S баяндамасында Еуропа тарихындағы ең жылы кезең 2010-2019 жылдар аралығында болғаны айтылған.

Айта кету керек, 2019 жылы жаһандық температура 1981-2010 жылдармен салыстырғанда 0,6 градусқа жоғары болды.



Соңғы жаңалықтар