+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

2018 жылы ҰБТ-да қандай өзгеріс болады

2018 жылғы 25 сәуір 16:11
Бөлісіңіз:
2018 жылы ҰБТ-да қандай өзгеріс болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 200-ден астам мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестіні ағылшын тілінде тапсыруға ниет танытып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесі өзгерген жоқ. Дегенмен, тест тапсырушыларға ыңғайлы болуы үшін аздаған түзетулер енгізілді. ҰБТ бес пәннен тұрады: үшеуі міндетті және екеуі таңдауы бойынша. Бүгінгі күні тест тапсырмалары базасының 50 пайызы жаңартылды. Сонымен қатар ҰБТ-ны ағылшын тілінде де тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қазірдің өзінде шамамен 200 адам жазылды», - деді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғысы келетін түлектерден өтінімдерді қабылдау 10 наурыз күні басталды. Бұл жұмыс мамырдың ортасына дейін жалғасады. Тестті ағылшын тілінде тапсырғысы келетіндердің нақты саны сол кезде белгілі болады.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетовтың айтуынша, ағылшын тіліндегі сұрақтардың қазақша және орысша нұсқадан айырмашылығы жоқ.

«Ағылшын тіліндегі сұрақтар дайын және тест кітапшаларына енгізілді. Барлық сұрақтар оқу бағдарламасын қамтиды және білім беру талаптарына сай келеді. Қазақша болсын, орысша болсын, мазмұны жағынан көп айырмашылық жоқ», - деп атап көрсеткен еді А.Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT