2018 жылы СҚО-ға 3 мыңнан астам адам қоныс аударады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 767 отбасы қоныс аударады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының коллегиясында ведомство басшысы Сергей Яковенко квота санының артқанын мәлім етті. Өңірге 3,4 мыңнан астам адам көшіп келеді. Соның ішінде, 385 адамнан құралған 77 оралман отбасы қоныс аудармақ.

«224 елді мекен, соның ішінде экономикалық өсу әлеуеті жоғары 106, орташа - 118 және 7 аудан орталығы анықталып алынды. Онда 828 бос тұрғын үй, 1282 бос жұмыс орны бар», - деді С.Яковенко.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қоныс аударушылардың бақша өсірумен немесе басқа да жұмыстармен айналысуға дайын екендігін есепке алып, іріктеп алу қажеттігін атап өтті.

«Олар алдын ала оқуы керек. Бізге көшіп келгендердің азырақ бөлігі ғана осы жерде жұмыс істеп жатыр. Біз, мәселен бақша өсіретін адамдарды тартқымыз келеді. Бізде жер де, су ресурстары да жеткілікті. Оларды осындай жұмыстарға орналастыру керек», - деді Қ.Ақсақалов.

2017 жылы солтүстік өңірге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 188 отбасы көшіп келген. 

Соңғы жаңалықтар