2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - 2018 жылы Қазақстанда өндірілетін уран көлемі белгілі болды. Аталған көлемді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің барлық компаниялардың жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттары бар. Олар соның негізінде уран өндіру бойынша қызметтерін жүргізеді. Аталған келісімшарттарда жылдық өндіру көлемі көрсетілген. Оның жылдан жылға айырмашылығы болуы мүмкін. Егер Қазақстандағы барлық компаниялар келесі жылы келісімшарт міндеттемлеріне сәйкес уран өндіретін болса, онда оның көлемі 27 мың тоннадан асып жығылар еді. Ал біз 2018 жылы шамамен 23 мың тонна өндірмекпіз», - деді компания басшысы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы елімізде 24600 тонна уран өндірілсе, ағымдағы жылдың қорытындысында оның көлемі 23 мың тонна мөлшерінде болады. Сонымен қатар ол алдағы уақыттағы уран бағасына қатысты ойымен де бөлісті.

«Қазіргі уақытта 1 фунты 25  доллар төңірегінде. Ол нарықтағы уранды сатып алатын энергетикалық компаниялар мен өндірушілерді қоса алғандағы негізгі ойыншыларға байланысты. Дегемен, қысқа мерзімді келешекке үлкен үмітпен қарап отырмыз, өнімімізге сұраныс боларына сенім бар», - деді Ғалымжан Пірімбетов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 3 жылға жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20 пайызға азайтуды көздеп отыр. Бұл шара компанияның тұтынушылар алдындағы міндеттемелеріне кері әсер етпейді.

 

Соңғы жаңалықтар