2018 жылы медициналық сақтандыру қорына 133 млрд теңге түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 133 млрд теңгеден астам жарна түсті. Соманың басым бөлігі Астана, Алматы қалалары және Қарағанды облысынан түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 1-31 желтоқсаны аралығында МӘМС қорына 10,4 млрд теңге аударылды. «Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады», - делінген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қоғаммен байланыс департаментінің хабарламасында.

Оның 124,3 млрд теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңгесі (6,5% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыдай Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады.

Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкі қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісімді бекітті.

Соңғы жаңалықтар