2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы өтеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы өтеді. Бұл туралы бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ташкенттен.

«Достық қарым-қатынастың маңызды факторы біздердің үзіліп қалған  мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз екендігімен келісемін. Біз 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізуге уағдаластық. Күн тәртібінде Өзбекстандағы Қазақстан жылын өткізу де бар. Аталған шара аясында түрлі іс-шаралар өткізілетін болады. Олар бауырлас халықтарды одан әрі жақындастыра түседі»,-  деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздердің қорытындысын жоғары бағалайтындығын баса айтты.

«Біз Мемлекет басшыларының  бірлескен мәлімдемесін қабылдадық, онда қарым-қатынасымыздың барлық мәселелері жазылған. Екі елдің Үкімет басшылары қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжатқа қол қойды. Біздің бизнесмендеріміз де форум барысында ондаған бірлескен келісімшарт жайында уағдаласты. Бүгінгі сапардың, келіссөздердің, қол қойылған құжаттардың бауырлас халықтарды одан әрі жақындата түсу үшін жұмыс істейтіндігіне сенімдімін. Ең астысы екі халықтың да мүддесі үшін жұмыс жасайды», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар