2018 жылы Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 17,2% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2017 жылғы көрсеткіштен 17,2% артып, 11 130,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық жүргізетін субъектілердің жеке қаражаттары болды. Олардың жиынтық көлемі 8135,4 млрд теңгені құрады. Былтыр машина, қондырғылар, көлік құралдарын, аспаптар сатып алу және оларды жөндеуге бағытталған инвестициялық салымдардың біршама өскені байқалды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібі және кендерді пайдалану (40,4%), жылжымайтын мүліктермен жүргізілетін операциялар (12,8%), көлік және қоймада жүк сақтау (12,7%) салаларының үлесіне тура келеді.

Ірі кәсіпорындардың инвестициялық салымдарының көлемі 6095,8 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар