2018 жылы Қазақстанда картоп, пияз және сәбіз бағасы арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағалары 2018 жылдың желтоқсанында 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,1 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Өткен жылы Қазақстанда нан-тоқаш өнімдері мен жарма, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз және алкогольді өнімдер қымбаттап, көкөністер мен жемістер бағасы арзандаған.

2018 жылдың желтоқсанында 1 кг күріштің бағасы 318 теңге болса, қарақұмық жармасы 247 теңге (2018) және 316 теңге (2017) болған.

Өткен жылдың желтоқсанында қант бағасы 1 кг үшін 243 теңгені құраса, 2017 жылдың желтоқсанында - 202 теңге болған.

Көкөністердің арасында картоп бағасы 2018 жылдың желтоқсанында 1 кг үшін 86 теңгені құраған (2017 жылдың желтоқсанында - 117 теңге), орамжапырақ бағасы 101 теңге (78 теңге), пияз - 77 теңге (94 теңге), сәбіз 98 теңге (116 теңге) болды.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар