2018 жылы Қазақстанда 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қолдауымен 2018 жылы елімізде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 3,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 27 инвестициялық жоба іске асырылды.

Өз кезегінде аталмыш жобалар 6 мың жұмыс орнын ашылуына негіз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның мониторинг жүйесінде 26 елдің шетелдік инвесторларының қатысуымен жалпы сомасы 40 млрд. АҚШ долларын құрайтын 157 жоба бар. Оларды іске асыру шамамен 45 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлер бөлінісінде жобалардың ең көп саны Алматы облысына тиесілі - 4,1 АҚШ млрд. долларын құрайтын 27 жоба. Бірінші бестікке сондай-ақ Қарағанды облысы - 2,1 млрд. доллардың 15 жобасы, Нұр-Сұлтан қаласы - 4,1 млрд. доллардың 12 жобасы, Қостанай облысы - 2,2 млрд. доллардың 12 жобасы және Ақтөбе облысы - 1 млрд. доллардың 10 жобасы кіреді.

«180 жоба бойынша келіссөздер басталған, қазір инвесторлардың жеке тізбесі жүргізілуде. 2019 жылы қосымша 27 жобаны іске қосуды қамтамасыз ету және 100-ге жуық жаңа инвесторларды тарту жоспарлануда»,-делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар