2018 жылы Каспий құбыры консорциумының тарифі өзгермейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Каспий құбыры консорциумы өз қызметіне тарифтерді өзгертпейді. Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында Каспий құбыры консорциумының бас директоры Николай Горбань мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде тарифті ауыстыру жоспарда жоқ, сонымен қатар акционерлер арасында мұнадай талқылаулар жүргізілмеді», деді Н. Горбань.

Бұдан бөлек ол аталған Каспий құбыр консорциумын кеңейту жобасы аяқталып қалғанын атап өтті.

«Құбыр желесінің өткізу қуаты 67 млн тоннаны құрап отыр және бұл жобалық көрсеткішке сәйкес келеді», - деп түсіндірді Н. Горбань.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы консорциум өзінің құбыр жүйесі арқылы 67 млн тонна мұнай өткізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 60 млн тоннаға жуығы Қазақстанда өндірілсе, қалған 7 млн тоннаны ресейлік өндірушілерден алу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар