2018 жылы қанша қазақстандық қажылыққа барып қайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық істері бойынша министрлігі 2018 жылы Қазақстанға қажылық сапар үшін 3 мың квота бөлген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы 3 мың квота бөлінді. Барлық квота бойынша қазақстандықтар қажылыққа барып келді. Айта кетерлігі, қажылыққа аттанатындар жол шығынын өздері көтереді», - делінген ҚР Қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің хабарламасында.

Еліміз азаматтарының қажылыққа сапарын Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырады. Бұл зайырлы мемлекеттік құрылымның қағидаттарына сай келеді. Себебі, заңнамаға сәйкес, мемлекет діни жоралғыларға араласпайды.

Жыл сайын Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық істері бойынша министрлігімен келісім (мақсат-ниет туралы хаттама) жасасады. Онда Сауд Арабиясы тарапының талаптары, соның ішінде қажылыққа бөлінуі мүмкін квоталар саны, қажылықты өтеу тәртіптері көрсетіледі.

2019 жылдың 27 қаңтарында Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық істері бойынша министрлігінің шақыруымен қазақстандық делегация ресми сапармен Сауд Арабиясына барып қайтады. Онда қажылықты өтеу мен квотаны бөлу бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар талқыланады.

Авторы Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар