2018 жылы дәрілік қамтуды орталықтандырудан 23 млрд теңге үнемделді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылы амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етуді орталықтандыру нәтижесінде 23 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы бүгін Сенаттағы "Өңір" депутаттық тобының отырысында "Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры" ҰАҚ басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қор бірыңғай төлеуші ретіндегі өз қызметін бастаған сәттен бері қор деңгейінде Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қаржылдандыруды орталықтандырды. 2019 жылдың ішінде қор әкімшілеген қаржының сомасы 973 млрд теңгені құрады. 2019 жылы жеке жеткізушілер үшін Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тартымдылығы артты. 698 жеке жеткізушімен келісімшарт жасалды. Бұл шамамен 50 пайызды құрайды. Әрине, 2019 жылғы келісімшарт сомасы небәрі 16,4 пайызды құрады. Бірақ, 2017 жылмен салыстырсақ 2 есе өсім бар", - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұған дейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылып келген мамандандырылған көмек қызметтеріне арналған тарифтердің өңірлер арасындағы айырмашылығы қысқарған. Мәселен, 2018 жылы онкология тарифтерінің айырмашылығы 3 есеге жуық болған.

"Амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз ету орталықтандырылды. Орталықтандырылған сатып алудың нәтижесінде шамамен 23 млрд теңге үнемделді. 2018 жылы үнемделген қаражат жедел медициналық көмек, дәрілік заттардысатып алу, жоғарғы технологиялық медициналық қызметтерді кеңейту шығыстарына жұмсалды", - деді А.Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар