2018 жылы Атырауда 50-ден астам спорт нысаны салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Атырауда 52 спорт нысаны салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы өңірде 52 спорт нысаны пайдалануға берілді. Облыс орталығында және Исатай ауданында спорт кешендері салынды, 25 спортзал мен 19 спорт алаңы ауылдар мен аудандардың орталықтарында, сондай-ақ Қызылқоға ауданының Сағыз ауданында тир салынды. Махамбет ауданының Ақжайық ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталғалы тұр. Жылыой және Құрманғазы аудандарында да спорт кешендері салынып жатыр. Алдағы уақытта дене шынықтыру және спортпен айналысуға бағытталған тағы 45 нысанды салу жоспарда бар», - дейді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Бұған қаражаттар тек мемлекет бюджетінен ғана жұмсалып жатқан жоқ. Спорт инфрақұрылымын дамытуға коммерциялық құрылымдар да үлесін қосып келеді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік  арқылы Атырауда жабық жеңіл атлетикалық кешенін салу көзделіп отыр.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар