+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

2018 жылы «Астана-Щучье» ақылы жолынан 1,53 млрд теңге түскен

2019 жылғы 15 қаңтар 09:44
Бөлісіңіз:
2018 жылы «Астана-Щучье» ақылы жолынан 1,53 млрд теңге түскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Щучье» ақылы тасжолынан 2018 жылы 1 млрд 539 млн теңге түскен. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аппараттық жиналысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана-Щучье» ақылы тасжолынан түскен ақшалай қаражаттың қорытындысы талқыланған жиында барлық қаражаттың ақылы учаскені қамтамасыз етуге, сондай-ақ ақы алу жүйесін жаңғыртуға бағытталғаны мәлім етілді.

2018 жылы аталмыш аралықты 2 809 993 көлік жүріп өткен. 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда көлік ағыны 1,9% артқан. Қазір алдын ала төлем сервистерін ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018 жылы 139 611 рет алдын ала төлем жасалса, бұл 2017 жылғыдан 3 есеге артық.

Қазіргі таңда бөлімше қызметкерлері жасанды мемлекеттік тіркеу нөмірлерін анықтау бойынша белсенді жұмыстар атқарып жатыр. Бірнеше ай бойы жол полициясы органдары осыған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 21 хаттама толтырған. Ал, 5 көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына жіберілген. Олар жүргізуші куәліктерінен айырылатын болады. Ұрланған тіркеу нөмірін қолдану бойынша 1 қылмыстық іс қозғалса, 2 қолданушы 1 020 000 теңге сомасындағы қарызын өтеген.

Бұдан бөлек, 2018 жылы «Астана-Щучье» ақылы учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2018 жылы демалыс алаңдарында 5 «KazWay» заманауи павильондар сервисі орнатылмақ. Бұл павильондар кәсіпкерлерге жалға беріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT