2018 жылы «Алматы-Шолпан Ата» автожолының құрылысы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы «Алматы-Шолпан Ата Ата» тікелей автожолының құрылысы басталады, деп хабарлайды kyrtag.kg.

Бұл туралы Киртаг тілшісіне Қырғызстанның Көлік және жолдар министрлігінің баспасөз хатшысы Кылычбек Досумбетов мәлім еткен.

«2018 жылы «Алматы - Шолпан Ата» автожолының құрылысы жаңғыртылады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері дайын. Жақын арада оның жоба-сметалық құжаттарын дайындауға кірісеміз. Биылғы жылы қырғыз тарапы өзінің бөлігінде жобалау жұмыстарын аяқтайды. Осы уақытта Бішкек-Нарын-Торугарт бағытында тоғысатын екі көпір мен жолайрықтың құрылысы жоспарлануда. Бұл дегеніңіз 92 км жол»,-деді ол.

Досумбетовтың сөзінше, жаңа жолды Қастек шатқалы арқылы салу жоспарлануда. Сонда екі қала арасындағы жол 140 км-ге қысқарады.

«Қазақстан тарапы Алматы-Шолпан Ата» атожолының құрылысын жоспарлауды бастады. Қазақстан өкілдері құрылысты бастай саласымен Қырғызстан өзіне тиесілі 3 км бөліктің құрылысына кіріседі. Жобаның құны 3 млн доллар»,-деп қосты Досумбетов.

Соңғы жаңалықтар