Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

2018 жылғы бюджет қанша пайызға игерілді

2019 жылғы 21 мамыр 11:53 1687
Бөлісіңіз:
2018 жылғы бюджет қанша пайызға игерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Былтыр бюджеттің таза игерілуі 99,99 пайыз болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында Үкіметтің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру  барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Республиканың экспорттық электр энергетикалық әлеуеті ұлғайды - Қанат Бозымбаев Биыл Қазақстанда жаңаратылатын энергия көздерінің 10 нысаны іске қосылады

«Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 637 млрд теңгеге атқарылды. Бұл қаржы 12 мемлекеттік бағдарламаның, 36 стратегиялық бағыттардың және 328 бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына жұмсалды. 18,8 млрд теңге атқарылмады. Оның ішінде Үкімет резервінің бөлінбеген қалдығы 17 млрд теңгені және үнемделген қаржы 0,3 млрд теңгені құрады. Бұл шығыстар Бюджет кодексіне сәйкес игерілмеу сомасына жатпайды. Сондықтан таза игеру 99,99 пайызды құрады деп айта аламыз», - деп түсіндірді Ә. Смайылов.

Оның атап өтуінше, 1,5 млрд теңге келісімшартты жасасу талаптарының өзгеруі мен жұмыс кестесінің кешігу себебінен игерілмеген.

Осы орайда таратылған мәліметтерге қарағанда, қаржының игерілмеуі бірқатар әкімшілерге тиесілі болды. Бұл ретте Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі - 309,6 млн теңге, Білім және ғылым министрлігі - 254,9 млн теңге, Қорғаныс министрлігі - 213,5 млн теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 159,7 млн теңге, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде 149 млн теңге болды.

«Есепті жылы 12 мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына барлық қаржыландыру көздерінен 2,6 трлн теңге қаражат бөлінді. Есеп комитеті өзінің Үкіметтің есебіне берген қорытындысында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде жіберілген біраз әдістемелік кемшіліктерді атап өтті. Бұл берілген ескертулер Үкіметтің бақылауына алынатын болады. Оларды біз мемлекеттік жоспарлау жүйесін әрі қарай жетілдіруде назарға алатын боламыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT