2018 жылғы 1 қазаннан кейін берешегі бар кәсіпкерлер де салық рақымшылығын пайдаланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 қазаннан кейін берешегі бар кәсіпкерлер де салық рақымшылығын пайдалана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Салық рақымшылығы қазіргі кезде 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде қосымша салық есебі 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық кезеңіне берілген салық төлеушілерге жүргізіледі. Салық рақымшылығына қатысушылардың тізімін кеңейтуге орай оны 48 салық төлеуші қолданды, оларда 228,8 млн теңге өсімпұл сомасы және 111,8 млн теңге айыппұл сомасы есептен шығарылған. Негізгі қарыздың төленген сомасы 677 млн теңгені құрайды», делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде жылдың аяғына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салық рақымшылығы жүргізіліп жатқанын ескертеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған рақымшылыққа орай 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық берешегін төлеген жағдайда, өсімпұл және айыппұл сомалары есептен шығарылады. Осы туралы ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс бақармасы басшысының орынбасары Н.Нұртазина хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінгі күнде 42 114 салық төлеуші берешекті барлығы 8,0 млрд теңге төлеген, олардың 2,4 млрд теңге өсімпұлы мен 190 млн теңге айыппұлы есептен шығарылған.

«Сонымен қатар, Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығымен Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізілгенін атап өтеміз. Осыған сәйкес салық рақымшылығы сондай-ақ салық тексеру нәтижесінде салық және басқа да міндетті төлемдер 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық мерзіміне есептелген, бірақ тексеру нәтижелері туралы хабарлама шағымдануға немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне сәйкес 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешегі жоқ болған салық төлеушілерге жүргізіледі», - деді Н.Нұртазина.

Бұдан басқа, жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізуге сәйкес салық рақымшылығы 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салықтық кезеңіне қосымша салық есебін тапсырған салық төлеушілерге жүргізіледі.

Бұл ретте салық есебі бойынша айыппұл сомасын есептен шығару тек оны 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төлемеген жағдайда жүргізіледі, онда уақытында төленген айыппұл сомасы рақымшылыққа жатпайды.

Қостанай облысында жеке кәсіпкер 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық мерзіміне қосымша салық есебін тапсырған және салық бойынша негізгі қарызы 757,1 млн теңге төленген, осыған орай салық төлеушіге барлығы 332 млн теңге берешегі есептен шығарылғанын.

«Салық рақымшылығы жылдың аяғына дейін ұзартылғанына салық төлеушілердің назарын аударамыз, осыған орай, салық төлеушілерді бар мүмкіншілікті қолдануға және мемлекеттің алдында негізгі қарызды өтеуге шақырамыз, бұл есептелген өсімпұл мен айыппұлдан құтылуға мүмкіндік береді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешегі бар/жоқтығын мына сілтемеден біле алатынын ескертеміз», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар