2018 жылға қарай Қазақстан халқының табысы жоғары елдердің қатарына енуі керек - Н. Назарбаев

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2018 жылға қарай Қазақстан халқының табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына енуі керек.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Бұдан бөлек, алдағы бес жыл ішінде кемінде 24 млн. шаршы метр болатын жаңа тұрғын үй құрылыстары бой көтеруі шарт. Бұл ретте жергілікті әкімдіктерге азаматтардың, әсіресе жас отбасылардың тұрғын үй құрылыс жинағы есебінен қымбат емес үй құрылыстарын салуға қолдау жасалатын болады. Ал аз қамтылған азаматтар құрылыс жұмыстары үшін атаулы қолдау көретін болады», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент тұрғын үй қорын басқарудың жаңа тетігін құру бойынша алда үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын жеткізді. Партия Төрағасының айтуынша, бүгінгі пәтер иелері коперативтерінің техникалық функцияларының ішінара бөлігі кәсіби сервистік компанияларға беріледі. «2017 жылға қарай барлық қалалар орталық сумен жабдықтауға 90 пайыз қосылып, 30 мыңнан астам коммуналдық желілер қйта жаңғыртылады. Коммуналдық істер бойынша осыншама ауқымды шаралар біздің елімізде ешқашан болған емес», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар