Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

2018 жылдың үш айына жететін дәрі-дәрмектер сатып алынды - ДСМ

2017 жылғы 29 желтоқсан 18:36 231
Бөлісіңіз:
2018 жылдың үш айына жететін дәрі-дәрмектер сатып алынды - ДСМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 тоқсанына берілуі тиіс тегін дәрі-дәрмектер сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші тоқсанның өзінде тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін жалпы препараттардың 874 атауы сатып алынды. 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін  13,3 млрд теңге болатын 328 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды. Олар 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдің медициналық мекемелеріне жеткізіледі», делінген хабарламада.

Препараттарға ең төменгі баға ұсынатын 24 компания 2018 жылдың қаңтар айының басында Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дәрілік заттарды жеткізуді бастайды. Бағаны төмендету жөніндегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор 1,7 млрд теңгеге жеңілдікке қол жеткізді. Ауруханалар бұл ақшаны қосымша дәрілерге жұмсай алады.

Айта кету керек, қазіргі кезде дәрі-дәрмектер отандық өндірушілермен, тікелей келісімшарттар бойынша шетелдік өндірушілерден және тендер арқылы сатып алынған келісімшарттар аясында СК-Фармация қоймаларына жеткізіле бастады.

Дәрі-дәрмектердің тағы 15 түрі халықаралық ұйымдар - ЮНИСЕФ пен БҰҰ ДБ келісімшартты бойынша жеткізіледі. Осылайша, бүгінгі күні дәрі-дәрмектің 881 түрі сатылып алынды.

Қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде кідіріс болмауы үшін, Үкімет Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерін реттейтін қағидаларына өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады, оған дәрілік заттардың үш айлық қажеттілігін бір көзден сатып алу мүмкіндік бере отырып - мұндай рәсімдер қазақстандық науқастар үшін тегін дәрілер қол жетімді болуына қысқа мерзімде сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Үкімет қаулысы бүгінгі күні күшіне енді және Бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерінің басталуын дереу жариялады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT