2018 жылдың 11 айында Қазақстаннан шетелге 6,7 млрд доллар ақша аударылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 11 айында Қазақстаннан шетелге 6,7 млрд доллар ақша аударылды. Мұндай ақпаратты ҚР Ұлттық банкі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банк мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде жеке тұлғалар Қазақстаннан 2 322,1 млрд теңге (6,7 млрд АҚШ доллары) сомаға 39, 8 млн төлемдер мен аударымдар жіберді. 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда операциялардың саны 57,1 пайызға өсті, ал сома тиісінше 12,8 пайызға төмендеді.

Операциялардың басым көлемі 777,1 млрд теңге сомадағы өтеусіз ақша аударымдарына тиесілі болды. Олардың үлесі Қазақстаннан жіберген төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемінің 33,5 пайызын құрады. Басқа төлемдер мен ақша аударымдарының үлесі мынадай: тауарлар үшін 767,5 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 33,1 пайыз; өзінің банктік шоттары арасындағы аударымдар 340,5 млрд теңге (жалпы көлемнің 14,7 пайызы); көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер 187,2 млрд теңге (жалпы көлемнің 8,1%), оның 71,5 млрд. теңге (38%) кәсіби, ғылыми және техникалық көрсетілетін қызметтер үшін, 32,5 млрд. теңге (17,3%) білім беру қызметі үшін, 28,7 млрд. теңге (15,3%) қонақ үйлер мен мейрамханалар қызметтері үшін.

Соңғы жаңалықтар