2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстары бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұйрық жарияланған. Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған квоталар көрсетілген» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген. Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға көп грант бөлінгендігін атап өткен жөн.
Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.
- «Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды
- ШҚО-да биылғы алты айда 35 білім беру мекемесі тексеріледі
- ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуда
- Қызылорда облысында 6 мың түлек сегіз тестілеу орталығында ҰБТ тапсырады
-
Ауыл мектептерін үздік тәмамдаған түлектерді педагогика мамандығына тарту керек - депутат
-
Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам