2017 жылы Теңіз кен орнынан 28,7 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Теңіз кен орнынан 2017 жылы 28,7 миллион тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2017 жылы Теңіз кен орнынан өндірілген шикі мұнай көлемі 28,7 млн миллион тоннаны немесе 229 миллион баррельді құрады. 2008 жылы ТШО шикі газ айдау жобасын аяқтап, екінші ұрпақ зауытын іске қосты. Соның нәтижесінде тәуліктік мұнай өндіру көлемі 75 мың тоннаға немесе 600 мың баррельге, ал тәуліктік табиғи газ өндіру көлемі 22 миллион текше метрге (750 миллион текше фут) жетті», - деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 2016 жылы кен орнында 27 миллион 560 мың тонна мұнай өндірілген болатын. Бүгінгі таңда Теңізде жаңа зауыттың құрылысы басталды. Ол іске қосылған соң кен орнының қуаты жылына 39 миллион тоннаға жетеді.

Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,2 миллиард тоннаны (25,5 миллиард баррель), Королев мұнай кен орнында 200 миллион тоннаны (1,6 млрд баррель) құрайды. Теңіз және Королев кен орындарының өндірілетін мұнай қорлары 890 млн тоннадан 1,37 млрд тоннаға дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар