2017 жылы Қорғаста 12 мыңға жуық жаңа кәсіпорын тіркелді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 11 айында Қазақстанмен шекара бойындағы Қорғас қаласында 11 876 кәсіпорын тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  Қытайдағы тілшісі chinanews.com-ге сілтеме жасап.

Жыл сайын мұнда 35-тен астам заңды тұлғалар тіркеуден өтеді. Қытайдың іскерлік орталарының  Қорғасқа қызығушылығын арттырған негізгі фактор -«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында қытай билігімен құрылған пұрсаттық тәртіптеме.

Басылым мәліметінше, 2017 жылдың 28 қарашасында бұл жерде трансшекаралық «Қорғас жаңа Жібек жолы»  қаржылық қаласы ашылған. Алдағы уақытта ҚХР билігі бұл жерді Жібек жолының экономикалық белдеуі бойындағы халықаралық қаржылық хабқа айналдыруды жоспарлап отыр. 

Соңғы жаңалықтар