2017 жылы көмір бағасындағы көлік қызметінің үлесі 4 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде көмір тасымалы артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметтері бойынша, үстіміздегі жылдың 9 айында 74 мың тоннадан астам көмір тасымалданған, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 19 пайызға көп. Оның 23 мың тоннадан астамы экспортқа шығарылса, қалғанын ел ішіндегі тасымалдар құраған.

Атап айтқанда, есепті кезеңде «Богатырь Көмір» ЖШС көмірі жоспардан 3 пайыз, былтырғыдан 22 пайыз артық тасымалданған, ал «Шұбаркөл Көмір» ЖШС өнімін тасымалдау қазірге 96 пайыз орындалған, ал 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артық тасымалданған.

9 айлық қорытындылар бойынша Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға көмір тасымалдау жоспары орындалған.

Сонымен қатар көмір экспорты да арта түскен. Мәселен, «Майкөбең Көмір» ЖШС көмір тасымалдау жоспары 88 пайызға орындалып, былтырғы есепті кезеңнен 349 пайызға артық көмір тасымалданған.

Үстіміздегі жылы көмір бағасына кеткен көлік шығындары былтырғымен салыстырғанда орта есеппен 4 пайызға артқан.  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өз тарапынан көмір тасымалына қатысты туындайтын мәселелерді шешу үшін барлық амалдарды қарастыратынын айтады.

Соңғы жаңалықтар