2017 жылы Қазақстанның Орталық Азия елдеріне экспорты үш есеге артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын 300-ден астам экспорттаушылар қаржылай және сервистік қолдау табады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылы шикізаттық емес экспортты бір жарым есеге арттыру жөніндегі басты міндетті шешу үшін өткен жылы Ұлттық экспорт стратегиясы бекітіліп, Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құрылған болатын. Шикізаттық емес экспортты өсіру құбылмалы халықаралық шикізат нарығы жағдайында мықты, тұрақты экономика құруға негізделген. Бүгін біз 123 мемлекетке өнім экспорттаймыз. Әрине, бұл ретте шешуші нарықтар Қытай, Орталық Азия, ЕАЭО мемлекеттері болып қала береді. Олардың арасында бірінші орында Ресей мен Еуропалық Одақ елдері тұр»,-деді Ж.Қасымбек.

Оның сөзінше, 2010 жылдан бастап, қазақстандық нарық құрылымының сапалық жағынан өзгеруі байқалады. Экспортттың жалпы үлесінде қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемі 27,8 проценттен, 32,1 процентке дейін артып, 12 млрд доллардан 15,6 млрд долларға дейін жетті.

Бұл өсімнің ішінде ең үлкен көлем металдарға тиесілі болып отыр. Сондай-ақ экспортталатын өнім де әралуандана түсуде. Қазақстандық өнімдерді Орталық Азия елдеріне жеткізу көлемі 30 процентке артқаны байқалып отыр. Қаржылай алғанда 2017 жылы аталған елдерге экспорт көлемі 1,5 млн долларға жетті. Өткен жылы Қытай, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Ресей, Өзбекстан сияқты өзге де бірқатар мемлекеттерге 8 жаңа тауар түрінің шығарылуы қамтамасыз етілді. Қайта өңделген тауар экспортын жетілдіру үшін 2010-2017 жылдар аралығында экспорттаушыларға 112 млрд теңге көлемінде қаржылай сақтандырушы қолдау шарасы көрсетілді. Экспорттық-сауданы қаржыландыруға 14,7 милрд, экспорт алдындағы қаржыландыру 5 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Сондай-ақ жыл сайын қаржылай және сервистік қолдауға 300-ден астам экспорттаушы ие болады.

Соңғы жаңалықтар