2017 жылы қазақстандықтар Google-ден не іздеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Google қазақстандықтар арасындағы 2017 жылғы  сұраулар рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017 жылы қазақстандық пайдаланушылар көбінесе  «Тақтар ойыны. 7-ші маусым», үш комедиялық хикая - «Ольга», «Дене шынықтырушы» және «Элеон мейманханасын» іздеген. Бұдан басқа, қазақстандық Google пайдаланушыларын 2017 жылдың жаңа фильмдері, Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы, электронды күнделік, «Форсаж 8» фильмі, «Экстрасенстер шайқасы» телешоуының 18-ші маусымы және осы жылдың ақпанында Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада туралы ақпараттар қызықтырған.

Google нұсқасы бойынша қазақстандықтардың және бүкіл әлемдегі музыка сүюшілерінің жүректерін даусының таңғаларлық диапазонымен жаулаған Димаш Құдайберген «Жыл адамы» болды. Екінші орынға Диана Шурыгина табан тіреді. «Жыл адамы» ондығына қазақстандықтардың сүйікті боксшысы Геннадий Головкин мен эстрада жұлдызы Ерке Есмахан кірді. Бұдан басқа, қазақстандықтар биыл өмірден өткен Михаил Задорнов, Вера Глаголева, Честер Беннингтон, Олег Яковлев, Дмитрий Марьянов пен Илона Новоселова туралы да ақпарат іздеген.

2017 жылы фильмдердің ішінде қазақстандықтарды көбінесе «Форсаж 8» франшизасының жаңа бөлімі қызықтырды. Сонымен бірге бірінші ондыққа «Галактика сақшылары», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Тор: Рагнарёк», «Соңғы батыр» мен «Ғажайып әйел» блокбастерлері кірді. Биыл қазақстандықтар Стивен Кингтің романы бойынша «Ол» фильмінің жаңа нұсқасы, «Зверопой» мультфильмі мен «Тачки» туралы ақпарат іздеді. Отандық өндіріс фильмдердің ішінде топ-ондыққа «Қазақша бизнес» комедиясы кірді.

«Жыл хикаясы» санатындағы көшбасшы «Тақтар ойынының» жаңа маусымы болды. Сонымен қатар ондыққа «Ольга», «Дене шынықтырушы», «Элеон мейманханасы», «Универ», «Рублёвкадан келген полицей» комедиялық хикаяларының жалғасы кірді.

«Жылдың саудасы» санатында қазақстандықтарды 2017 жылы теміржол билеті Универсиадаға, ЭКСПО-ға және Дю Солей циркіне билеттер, спиннер, гироскутер, Алматыдан үй және кондиционер сатып алуға қызығушылық танытты.

2017 жылы Қазақстанда ең көп салынған сұраулардың толық тізімі төмендегідей:

Ең көп салынған сұраулар:

1. Тақ ойыны 7 маусым

2. Ольга 2 маусым

3. Күнделік

4. Дене шынықтырушы 4 маусым

5. 2017 фильмдері

6. Универсиада

7. Димаш Құдайберген

8. Экстрасенстер шайқасы 18 маусым

9. Форсаж 8

10. Элеон мейманханасы 3 маусым

Жыл фильмі:

1. Форсаж 8

2. Тор Рагнарёк

3. Ол

4. Галактика күзетшілері 2

5. Кариб теңізі қарақшылары 5

6. Ғажап-әйел 

7. Зверопой

8. Батырлардың тұяғы

9. Тачки 3

10. Бизнес по-казахски

«Жыл саудасы»:

1. Теміржол билеттері

2. Универсиада билеттері

3. спиннер

4. Астанадағы дю Солей циркіне билеттер

5. гироскутер

6. ЭКСПО-ға билеттер

7. Эйр Астана рейстеріне билет

8. Алматыдан пәтер

9. Оңай

10. кондиционер

Жыл адамы:

1. Димаш Құдайберген

2. Диана Шурыгина

3. Честер Беннингтон

4. Ерке Есмахан

5. Дмитрий Марьянов

6. Вера Глаголева

7. Михаил Задорнов

8. Геннадий Головкин

9. Олег Яковлев

10. Илона Новоселова

Жыл хикаясы:

1. Тақ ойыны 7 маусым

2. Ольга 2 маусым

3. Дене шынықтырушы 4 маусым

4. Элеон қонақүйі  3 маусым

5. Жастар 5 маусым

6. Көк теңіздің аңызы

7. Патруль 3 маусым

8. Универ жаңа жатақхана 12 маусым

9. Шерлок Холмс 4 маусым

10. Рублёвка полицейі 2.

Соңғы жаңалықтар