2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі комитетіне енуді жоспарлауда - ҚР ИДМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі комитетіне кіруді жоспарлауда, деп мәлімдеді бүгін елдің индустриялық-инновациялық саясаты мәселелеріне арналған брифинг барысында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің сайты хабарллды.
«Біз 2017 жылы ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетке енуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің инвестициялық климаттың ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келетінінің белгісі және дәлелі болмақ», - деді Е.Хаиров.

Оның айтуынша, 2016 жылдың басынан бастап ИДМ-ге 300 мемлекеттік қызмет көрсетуге 400-ден астам өтініш келіп түсті.

Комитет басшысы баса айтып өткендей, министрлікте шетел инвесторларын тартудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан.

«Бірінші кезекте, Президент елден тыс деңгейде сыртқы саяси ведомстволардың қызметін экономикаландыруды тапсырды. Басым елдерге қосымша елшіліктердің арнайы 10 кеңесшісі жіберілді. Олардың жұмысының басым бағыты инвестиция тарту, келісімдерді жүзеге асыру және қазақстандық экспортты жылжыту болып табылады. Сондай-ақ, «Kaznex Invest» 5 өңірлік фронт-кеңсесі ашылуда, олардың негізі әлемнің іскерлік орталықтарында қаланады және оның негізгі міндеті инвесторларға арналған «бір терезе» аясында жұмыс жасау», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, инвестициялар тарту бойынша үкіметтік кеңес құрылды, ол трансұлттық компаниялардың қатысуымен стратегиялық инвесторлар бойынша жұмыстарды үйлестіріп, қарайды.

Соңғы жаңалықтар