2017 жылы ЕАЭО елдерімен Қазақстанның сауда айналымы 25,9%-ға артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала дерек бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен жасаған өзара сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 17 359,6 млн долларды құраған. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25,9%-ға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

ЕАЭО елдерімен экспорт көлемі есептік кезеңде 5118,3 млн долларды құраған (былтырғыдан 30,2%-ға жоғары), импорт көлемі - 12 241,3 млн доллар (+24,1%) болды. Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,1%, Қырғызстан Республикасына - 4,4%, Беларусь Республикасына - 3,5% келеді.

Соңғы жаңалықтар