+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді - Елбасы

2011 жылғы 25 қараша 11:11
Бөлісіңіз:
2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді - Елбасы

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Тоқабаев/ - 2017 жылы еліміздегі ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан ХДП кезектен тыс 14 съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау жүйесі алдағы жылдары 300 емдеу амбулаториялары және 50 емханамен толыға түседі. Әрбір облыста жедел көліктік медицина енгізіліп, оған авиациялар да тартылады. «Денсаулық» медицина пойыздарының саны артады. Барлық қазақстандықтарға сапалы медициналық қызметке қол жетімділіктің теңдей жағдайы қамтылады. Осының арқасында 2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге төмендейді», - деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарында» ұлт денсаулығы басым бағыттың бірі ретінде қарастырылып отыр. Ондағы басты көрсеткіш - жалпы өлімді кем дегенде 15 пайызға азайтып, өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70 жасқа дейін өсіру.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT