2017 жылы Алматы облысында болған ұшақ апатының себептері анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ 2017 жылы 10 тамызда Алматы облысында тіркеу нөмірі UP-LA231 Tecnam-P2002-JF әуе кемесінің апатқа ұшырауына қатысты тергеудің аяқталғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комиссия келесідей қорытындыға келіп отыр: адам өмірін жалмаған әуе апаты кезінде ұшақ қатты желге тап болған. Мұның арты ұшу кезіндегі айқын қауіп-қатерді туындатқан. Ақыры, экипаж бұл кедергіні еңсере алмады. Соңғы ұшу кезінде - биікке көтерілер уақытта қозғалтқыштың қуаты уақытша бәсеңдеп қалған», - дейді ҚР ИИДМ әуе апаттары мен оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов.

Басқарма басшысының айтуынша, жоғарыда аталған себеппен қатар авиациялық оқиғаның маңызды қосалқы себебінің бірі - биікке ұшу барысында қозғалтқыштың уақытша қуатын жоғалтып алуы.

«Өзге де қосалқы себептер: осы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында «Training Сenter Part-FCL» ЖШС АОБ жұмысында кемшіліктер анықталды, деректерді бұрмалау мен сәйкессіздіктер де белгілі болды. Мәселен, ұшақтар «Азем» аэродромынан ұшырылып жүрген. Алайда құжат бойынша ол жерден ұшақтарды ұшыруға рұқсат берілмеген. Таулы өрлердің жел бағытының өзгеруіне ықпал ете алатындай ой-қыры бар. Бұл жағдайда ұшақ үдеуші желге тап болып, жылдам биікке самғай бастаған. Ақыры, желге тап болған. Мұндай қалыптан тыс жағдайда экипаж басқару тетігін өзіне тартқан. Ақыры, мұның арты жайсыз болды. Осының салдарынан жанар-жағармайлы әуе қозғалтқышы уақытша бұзылған. Ұщақтың жылдамдығы баяулап, қозғалтқыштың қуаттылығы бәсеңдегеннен кейін ұшақ жерге құлаған», - дейді спикер.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 тамызында «Азем» аэродромында Tecnam-P2002-JF әуе кемесі апатқа ұшырап, пилот, нұсқаушы мен курсант қайтыс болған еді.

Соңғы жаңалықтар