2017 жылы ақылы болатын жолдар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы «Астана-Щучинск» ақылы жолында жиналған қаржының көлемі 1 млрд. 251 млн. теңгені құрады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың екінші жартысында «Алматы-Қапшағай және «Астана-Теміртау» екі учаскесінде ақылы жүйені енгізу жоспарланып отыр»,-деп атап өтілген компания хабарламасында.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2016 жылға арналған қорытындысы мәліметінде республикалық маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғаларының төмендегені атап өтілген. 2013 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 12 пайызға азайып, сәйкесінше өлім-жітім де 16 пайызға төмендеді. 2015 жылға қарағанда, өткен жылы ЖКО деңгейі 9 пайызға кеміді.

«2017 жылы қайта салу жұмыстарымен қамтылған 602 шақырымға созылған нысандарды пайдалануға бері жоспарда бар. Күрделі жөндеу аясында 164 шақырым тапсырылады. Сонымен қатар ағымдағы жылы орташа жөндеумен ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Жалпы, жөндеудің осы түрімен 1 676 шақырым жол қамтылмақ»,-деп атап өтілген компания мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар