2017 жылы 40 мыңға жуық қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы 40 мыңға жуық қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«2017 жылғы 11 айда 38 530 адам көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 48 915 болған еді», - деп мәлім етті Ішкі істер министрлігіндегілер редакцияның сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, ведомствоның деректеріне қарағанда, 2017 жылғы 11 айда 1 060 744 көлік құралы тіркелді (қайта тіркелді).

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 923 автомектеп қызмет жүргізіп келеді, соның 43-і Астана қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар