2017 жылғы Универсиадада хоккейден студенттік құраманың жүлде алу мүмкіндігі мол - С.Шавернев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылы Алматы мен Астанада өтетін Қысқы Универсиада барысында Қазақстанның хоккейден студенттік құрамасының жүлде алу мүмкіндігі мол. Бұл туралы «Еңбек» хоккей клубының директоры Сергей Шавернев айтты.

«Универсиаданың Қазақстанда өтетіні, сөз жоқ, ауыз толтырып айтарлық оқиға. Бұл - халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанның әлеуетін мойындауы. Бұл шараға арнап бірегей ірі спорт нысандары салынып жатыр. Осындай ареналар біздің бала кезімізде болса, мен Вячеслав Фетисовпен ойнар едім. Жас ұрпаққа жасалып жатқан жағдай көп. Әрине, олар ертең Қазақстанның намысын қорғайтын болады», - деді С.Шавернев.

Сарапшының айтуынша, хоккейден студенттік құраманың кәсіби біліктілігі жоғары.

«1998 жылы қазақстандық студенттер Испанияда өткен сайыста алтын олжалады. Ол кезде құраманың өзінде кіл мықтылар болды. Одан кейін күміс те, қола да болды. Елімізде қазір хоккейден студенттік лиганы құру уақыты келді. Бізде ойнайтын спортшылардың барлығы кәсіби алаңға шығып жүргендер. Канада, АҚШ, Ресей, Швеция, Чехия құрамалары бізге жақсы қарсылас болуы мүмкін», - деді С.Шавернев.

Айта кету керек, жақында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Алматы қаласының спорттық додаға дайындығын тексерді. Елбасы 12 мың орындық мұз айдыны сарайының құрылысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар