2017 жылға дейін қазконтенттің мазмұнын 60 пайызға жеткізу керек - Мәдениет және спорт министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қазконтенттің мазмұнын 60 пайызға дейін жеткізу керек, деп хабарлады «БАҚ және мемлекеттік тіл» конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілді дамыту және қоғамдық-саяси істер бойынша комитеті басшысының орынбасары Серік Сәлімов.

«Мемлекет басшысының 2050 Стратегиясында атап өткендей, «қазақ тілі - бұл халықтың рухани негізі». Ал біздің міндетіміз - оны сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Ана тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға дейін қазконтенттің мазмұнын 60 пайызға дейін жеткізу керек. Телеарналарда мемлекеттік тілдегі хабарлар пайызын арттыру қажет», - деді ол.

Конференция барысында баспасөз беттерінде, сандық және электрондық форматта қазақ тілінің қолданылуы мен насихатталу деңгейі кеңінен талданып, алдағы уақытта бұл жұмысты жетілдірудің оңтайлы жолдары талқыланды. Конференция «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси істер жөніндегі комитетінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар