2016 жылы СҚО-да жолдарды жөндеу жұмыстарына 5,8 млрд. теңге бөлінеді (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 360 шақырым жолды жөндеу көзделіп отыр. Бұл мақсаттарға шамамен 5,8 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесуде аймақ басшысы Ерік Сұлтанов хабарлады.

«Біздің облысымыздың, және атап айтқанда, ауылдық аудандардың ең өткір проблемасы автомобиль жолдарының қанағаттарлықсыз жағдайы болып табылады. 2015 жылы жолдарды қалпына келтіру, жөндеу және ұстауға барлығы 5,2 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа жергілікті маңызы бар 260 шақырымнан астам жол жөнделген. 2016 жылы 360 шақырым жолды жөндеу жоспарланып, оған шамамен 5,8 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Сондай-ақ ағымдағы жылы «Астана-Петропавл» автомобиль жолының 143 шақырымын қалпына келтіру жобасы аяқталды», - деп атап өтті өз сөзінде Е.Сұлтанов.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Петропавл әуежайын пайдалануға беру жұмыстары аяқталады.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар