2016 жылы СҚО-да целлюлоза мен сабаннан жасалған қатырма қағазды шығаратын инновациялық зауыт іске қосылады (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында Үйлестіру кеңесінің жобаларды ҮИИДМБ-ның Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына қосу бойынша кезекті отырысында 7 индустриялық-инновациялық жоба мақұлданды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды. Аталған шара облыс әкімдігінде аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өтті.

Индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Марат Ысқақов кеңестің қарауына 7 жобаны шығарды.

««Торе-Чингизид Л.Т.Д.»ЖШС-нің жобасы». Аққайың ауданы, Смирново ауылында целлюлоза мен сабаннан қатырма қағаз жасау инновациялық зауыты. Инвестициялар көлемі - 650 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 3500 тонна қатырма қағаз. Пайдалануға беру 2016 жылға жоспарланған», - деп мәлім етті М.Ысқақов.

Оның айтуынша, құрылыс барысында 50, пайдалануға беру кезінде 30 жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру өсімдік шаруашылығының жанама өнімі - сабанды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ энергетикалық жабдықтарды дайындау зауытын іске қосу, жол саласындағы инновациялық материалдарды шығару бойынша кешенді салу, асфаль-бетон қоспасын шығаруды ұйымдастыру, каркас-панельді үйдің құрама темірбетон элементтерін шығару, сүт өнімдері өндіруді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері аталған барлық жобаларды бірауыздан мақұлдады.

«Аталған жобаларды қаржыландыру көлемі шамамен 4 млрд. теңгені құрайды», - деп атап өтті облыс әкімі.

Ерік Сұлтановтың айтуынша, Үйлестіру кеңесіне әлі талай ірі жобаларды қарастыру міндеті тұр.

«Олар бойынша жұмысты тездетіп, бұл бағытта әрі қарай жылжу керек», - деп түйіндеді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар