USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

2016 жылы ата-ана атанған жұлдыздар

2017 жылғы 9 қаңтар 00:30
Бөлісіңіз:
2016 жылы ата-ана атанған жұлдыздар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ шоу-бизнесінің көптеген өкілі өткен жылы ата-ана атанды. Олардың бірі аналық және әкелік бақытты алғаш сезінсе, бірі екінші, үшінші, төртінші сәбилерін құшақтарына алып жатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат gakku.kz-ке сілтеме жасап.

Бүркіт пен Аиша



Бүркіт пен Аиша шақалақтарын 2016 жылдың 8 қаңтары күні қолдарына алды. Дүниеге Омар есімді екінші ұлдары келді. Тұңғыштары Зейін 8 қазанда туған болатын.


Әсем Жакетаева



2016 жылдың басында актриса және бұрыңғы әнші Әсем Жакетаева алғаш рет ана болды. Бұл қуаныш жөнінде 25 қаңтарда Әсемнің өзі Инстаграмдағы парақшасында хабарлады. Отбасылық жұп тұңғыш қыздарына Айсана есімін берді.

Динара Қырықбаева


Өткен жылы ана атанған тағы бір танымал тұлға - Динара Қырықбаева. 28 қаңтар күні ол дүниеге қыз бала әкелді. Есімі - Айша. Динара отбасын құрғалы шоу-бизнес өмірінен алшақтап, уақытын аналық міндетті орындауға арнады. Әнші көгілдір экраннан көптен көрінбегеніне қарамастан, оның танымалдылығы кеміген жоқ. Ол әлеуметтік желіде өте белсенді.


Айқын Төлепберген

Қазақстан эстрадасының сүйікті әншісі Айқын мамыр айында екінші рет әке атанды. Қыз баланы Асылым деп атады. Айта кетейік, 2011 жылы Айқынның тұңғышы - ұл бала дүниеге келген болатын.

Әлен Самыкенов пен Ғалия Мұратова

Қуанышты оқиға әнші Әлен Самыкенов пен ASSYL тобының экс-солисі Ғалия Мұратованың отбасында да болды. Шығармашыл жанұя 18 наурыз күні ұлды болды. Оған Әлиар есімі берілді.


Рано Омарова


6 мамыр күні Рано Омарова ресми түрде ана атанды! Продюсер дүниеге Әмірхан есімді ұл әкелді. Бақытты отбасын алғашқы болып құттықтаған әнші Луина бөбектің өкіл шешесі болды.


Санжар Мәдиев


Актер Санжар Мәдиев үшін отбасы - бұл құпия орта. Сондықтан ол жеке өмірі туралы айтудан әдетте тартынады. Ол Инстаграмға туғандарының суреттерін сирек салады. Бірақ көптен күткен шақалағы дүниеге келгенде, қуанышын елден жасыра алмады. Зайыбы Мөлдір оған қыз сыйлады. Санжар 2014 жылы үйленді.


Ерболат Беделхан



2016 жылдың қазанында Беделхандар әулетіне де сүйінші хабар жетті. "Орда" тобының солисі, продюсер Ерболат пен әйелі Асыл үшінші рет ата-ана болды. Кенже қызға Інжу есімі таңдалыпты. «Кіндік шеше» болу құрметті де жауапты міндет Әсел Сәдуақасоваға жүктелді.


Арман Қонырбаев пен Аша Матай


Ендігіде Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең сүйкімді жұптың өмірі бұрынғыдан өзгеше болады. Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасында ең басты адам пайда болды. Аша 31 қазан күні Асылым есімді қызды дүниеге әкелді.


Әлия Әнуарбек


20 қарашада Әлия Әнуарбек (Телебарисова) алғаш рет ана болды. Әлия бұл жаңалығымен бірден Инстаграмдағы парақшасында бөлісті. Еске салайық, актриса 2014 жылы Азамат есімді жігітке тұрмысқа шықты. Салтанатты шарадан кейін олар Астанаға көшіп келді.

Мөлдір Әуелбекова

24 қараша күні Мөлдір Әуелбекова мен оның жұбайы Арыстан ұлды болды. Шақалақтың салмағы - 3,100 кг, бойы - 52 сантиметр.


Динара Сұлтан


Өткен жыл белгілі әнші Динара Сұлтанның отбасына да қуаныш сыйлады. Динара көптен күткен ұлдарын дүниеге әкелді. Жұлдыздың бұған дейін үш қызы бар болатын. Нәрестенің есімі - Мұса.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT