2016 жылы Алматының бірқатар ірі көшелері абаттандырылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Алматының бірқатар ірі көшелері абаттандырылады. Бұл туралы қалалық мемлекеттік сәулет және құрылыс басқармасы мәлім етті.

Басқармада биыл қандай аудандар абаттандырылатыны хабарланды. Қазіргі таңда жобалаушылар бас жоспардың қай пункттеріне өзгеріс енетіні және қала сәулетінің бейнесін талқылап жатыр. Осыған қарай тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың қасбеті мен аумақтар абаттандырылатын болады.

Белгілісі, дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымына сәйкес велосипед жолақтары мен жаяу жүргін жолдары жасалатын болады.

Атап айтқанда, 2016 жылы Байсейітова көшесінің Бөгенбай батыр мен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігінде, Жібек Жолы көшесінің Наурызбай батырдан Орталық демалыс саябағына дейінгі бөлігінде, Гоголь көшесінің Қалдаяқовтан Желтоқсан көшесіне дейінгі бөлігінде, Панфилов көшесінің Қабанбай батырдан Гоголь көшесіне дейінгі бөлігінде, Әйтеке би көшесінің Желтоқсаннан Орталық саябаққа дейінгі бөлігінде көріктендіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ескі баспананы сүру» 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына сәйкес қаладағы каркас-қамыстан жасалған ескі баспаналар сүріліп, жаңа үйлер бой көтеретін болады.

Соңғы жаңалықтар