2016 жылы Ақмола облысында 6 ірі кәсіпорын толық қуатына шығады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Ақмола облысында 6 ірі кәсіпорын толық қуатына шығады.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Индустрияландыру саласы жұмысының қорытындысы бойынша Ақмола облысында 313,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Сол себепті жалпы көлем индексінің көрсеткіші 106,9 пайызға жетіп, облыс Республика бойынша бірінші орынға шықты.

2016 жылы тау-кен металлургия және химия өнеркәсібі саласындағы өнім көлемін одан әрі арттыру көзделген.

Ағымдағы жылы 6 кәсіпорын толық қуатына көшіп, өнімінің жаңа 6 түрі шығарылатын болады. Оның ішінде «Астана Нан Кемикалз» ЖШС өсімдіктерді қорғау препараттарын, «ЕПК-Степногорск» акционерлік қоғамы подшипниктердін жаңа түрлерін шығармақ.

Сонымен қатар, «Көкше цемент» ЖШС цемент зауытын іске қосып, «Қазақалтын» ТМК» АҚ өндіріс көлемін 40 тоннаға «Райгородок» ЖШС өндірістік қуатын 2 есеге ұлғайту жоспарланып отыр.

Саланың дамуына жұмыс істеп тұрған «Altyntau Kokshetau» ЖШС ( 2 есеге), «Вектор» комбайн зауыты» ЖШС (2,3 есеге), «Астана Нан Кемикалз» ЖШС (1,6 есеге) тәрізді ірі кәсіпорындағы өндіріс көлемнің артуы сеп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар