2016 жылдың соңына қарай Қазақстанда инфляция деңгейі бәсеңдейді деп болжанып отыр - Ұлттық Банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың соңына қарай Қазақстанда инфляция деңгейі бәсеңдейді деп болжанып отыр, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ғаламтор-конференциясында.

Д.Ақышев Ұлттық банктің басты міндеті инфляция деңгейін тұрақтандыру және 2016 жылы 6-8 пайыздық орнатылған дәлізге тезірек оралу болып табылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, 2015 жылы инфляция қарқыны түрлі бағытталған сипатқа ие болды. 2015 жылдың қаңтары мен тамыз айларының аралығында инфляция деңгейінің төмендеуі, ал 2015 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында - инфляциялық процестердің жылдамдауы байқалған.

Ұлттық банктің болжамынша, инфляцияның деңгейі жылдық мәнінде 2016 жылдың соңына қарай бәсеңдейді.

Соңғы жаңалықтар