2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - Ақмола облысының әкімі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін «2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылдың негізгі міндеттері» туралы халық алдында есептік кездесуінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.

Аймақ басшысының айтуынша 2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемі 27 миллиард теңгені құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық көрсеткіш.

«2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына 4,2 миллиард теңге бөлінді (оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдарға 1,0 миллиард теңге).

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 105,3 пайызын құрады», дейді облыс әкімі.

Айталық, тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін Зеренді кентінен 21 пәтерлі, Көкшетау қаласынан 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған қоса облыс орталығында тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша бір 45 пәтерлі, үш 30 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген (екі 30 пәтерлі үй «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша).

Сонымен қатар, Көкшетау қаласында 35 және 45 пәтерлі жас отбасыларына арналған тұрғын үй салынды.

Жекеменшік тұрғын үйлер қатарының өсуіне жағдай жасайтын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тарту үшін 2015 жылы 1,7 миллиард теңге, оның ішінде Целиноград ауданындағы Қосшы кентін дамытуға қажетті инженерлік желілерді салу үшін 0,9 миллиард теңге бөлінген.

2016 жылы тұрғын үй құрылысына 1,7 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр. Биылғы жылы жекеменшік үйлер мен коммерциялық тұрғын үйлерді есептегенде 222,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақшы.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасына арқылы Есіл ауданының Калачи және Красногорск ауылдарының тұрғындарын көшіруге байланысты Есіл қаласынан 45 пәтерлі үй салынып, Державинск қаласында 75 пәтерлік үй жаңғыртылды.

Төтенше жағдайлар желісі бойынша Целиноград ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендер үшін Ақмол және Қосшы кенттерінен екі 45 пәтерлі, Оразақ ауылынан 100 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынды.

Соңғы жаңалықтар