2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды - Парламент

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы қабылданды. Енді алдағы үш жылға арналған басты қаржы құжаты Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Бюджеттік заңнамада бұған дейін белгіленген әлеуметтік және экономикалық міндеттемелердің орындалуы және Елбасының тапсырмаларына сәйкес, жаңа бағыттарға жұмсалатын шығындар қарастырылады. Әлемдік тауар нарықтарындағы мұнай бағасының жағымсыз өзгерістерінің және Қазақстанның ірі сауда әріптесі болып табылатын Ресейдегі ағымдағы теріс экономикалық ахуалға байланысты елдің әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бәсең өсу қарқынымен сипатталатын болады. Сонымен қатар, Үкіметтің 2016 - 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының базалық сценарийі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы 2016 жылы бір баррельге 40 доллары деңгейінде болады деп болжанады. 2018 - 2020 жылдары баға бір баррельге 50 АҚШ долларына дейін өседі.

«2016 жылы бюджет кірістері 3 триллион 655 миллиард теңгені құрайды, бұл 2017 жылы - 3 триллион 867 миллиард теңгені, 2018 жылы - 4 триллион 195 миллиард теңгеге тең болады», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономиканың өсімін және Инфрақұрылымды дамыту жоспарын іске асыруды қолдау үшін Ұлттық қордан 2016 жылы 567,0 млрд. теңге, 2017 жылы 900,0 млрд. теңге нысаналы трансферт тартылды. Осылайша, түсімдер 2016 жылы - 6 943, 2 млрд. теңге, 2017 жылы - 7 523,6 млрд. теңге және 2018 жылы 7 068,9 млрд. теңге көлемінде көзделеді. Бюджет тапшылығын төмендету жөніндегі саясатқа сәйкес оны болжанатын ЖІӨ-мен салыстырғанда 2016 жылы 1,6 пайыздан 2018 жылы 1,0 пайызға дейін қысқарту жоспарланады. Абсолюттік мәнде тапшылық 2018 жылы 552,3 млрд. теңгеге дейін төмендей отырып, 2016 жылы 723,4 млрд.теңгені құрайды. Бюджет жобасы оған жалғастырылатын жобаларды және игерілуі жоғары деңгейдегі бағдарламаларды ғана қоса отырып, базалық шығыстарды елеулі қысқарту жағдайында қалыптастырылды. Түсімдер мен тапшылықтың жоспарланатын көлемі негізінде бюджет шығыстарының болжанатын сомасы 2016 жылы 7 666,7 млрд. теңгені, 2017 жылы 8 124,4 млрд. теңгені және 2018 жылы 7 621,1 млрд. теңгені құрайды.

Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар