2016-2017 жылдары АӨК-ті дамытуға 144 млрд. теңге бөлінеді - Ұлттық экономика министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында аграрлық-өнеркәсіптік кешенді қосымша қаржыландыру үшін, сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобаларды жедел жүзеге асыру үшін 144 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Қыркүйек айында 2016 жылдың соңына дейін  республикалық бюджет нақтыланады, яғни, 2015 жылы пайдаланылмаған қаржы есептеліп, өсу болжамы бекітіледі. Қосымша 144,5 млрд.теңге «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық жобаларды тез жүзеге асыру мен агроөнеркәсіптік кешеннің жобаларын қаржыландыруға жұмсалады», - деп хабарлады Қ.Бишімбаев.

Ұлттық экономика министрі мәлім еткендей, 2016 жылдың соңына қарай экономиканың дамуын қамту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 2016 жылғы дағдарысқа қарсы шаралардың жоспарын қайта сүзгіден өткізу көзделіп отыр екен.

Соңғы жаңалықтар