2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге 6 млрд. теңге бөлінеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге 6 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы СҚО Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ғалым Тасболатов хабарлады.

«Жолдарды жөндеу үшін 6 млрд. теңге. Солтүстік аймақтағы автомобиль жолдарын қалпына келтіру үшін де осындай сома бөлінеді. Қаражат жергілікті және республикалық бюджеттерден бөлінбек. Жұмыстар ұзындығы 700 шақырым жол төсемінде өткізіледі. Бес жылдың ішінде автомобиль жолдарының 3689 шақырымы, немесе 49 пайызы жақсы техникалық қалыпқа келтіріледі», - деді Ғалым Тасболатов.

Бұл міндеттерді атқару үшін 2015 жылдан бастап жаңа технология әдістері - топырақты салқын күйінде жолдың негізін нығайтуға пайдалану мен тұрақтандыру қолданылады. Аталған технологиялар 3-5 есе арзан, соған сәйкес жөнделетін учаскелердің ұзындығы да бес есеге өседі.

М.Жұмабаев пен Айыртау аудандарында екі жол учаскесі күрделі жөндеуден өткізіледі. Облыстағы осындай жол учаскелернің жалпы саны - 12. Өңірдегі көлік жолдарының 50 пайыздан астамы тозған.

Соңғы жаңалықтар