+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

2015 жылы республикалық бюджет түсімі 103 млрд теңгеге ұлғаяды

2014 жылғы 15 қыркүйек 15:55
Бөлісіңіз:
2015 жылы республикалық бюджет түсімі 103 млрд теңгеге ұлғаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы республикалық бюджеттің болжанған түсімдері 103 миллиард теңгеге ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет

туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«2015 жылы болжанған республикалық бюджет түсімдері 6 триллион 309 миллиард теңгені құрайды. Бұл ағымдағы жылдың нақтыланған болжамына қарағанда 103 миллиард теңгеге артық. Соның ішінде, трансферт түсімдерін есепке алмағандағы кірістер 4 триллион 338 миллиард теңгені құрайды, бұл көрсеткіш 2014 жылдың нақтыланған деңгейінен 23 миллиард теңгеге төмен», - дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуына қарағанда, кірістер деңгейінің төмендеуі негізінен сыртқы сауда көлемінің азаюына және мұнай өндіру көлемінің қысқаруына қатысты болмақ.

Тоқтала кететін жайт, республикалық бюджеттің түсімі 2016 жылы - 6 триллион 738 миллиард теңге, ал 2017 жылы - 7 триллион 127 миллиард теңге шамасында болжанып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT