2015 жылы Петропавлда жылумен қамту жүйесінің жөнделуіне 2,5 млрд. теңге бөлінеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Петропавл қаласында жылумен қамту жүйесінің жөнделуіне 2,5 млрд. теңге бөлінбек, деп хабарлады «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«2015 жылы «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-де № 1 жылу магистралін салу бойынша қыруар жұмыс жоспарланған. Жобаның іске асырылуына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желісі бойынша 800 млн. астам теңге бөлінбек. 2015 жылы жылу желілерінің кәсіпорны Петропавл қаласының жылумен қамту жүйесін жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстарына мемлекет бөлген қаражаттан 1,5 млрд. жуық теңге жұмсауды жоспарлап отыр», - деп атап өтті «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-нің бас директоры Игорь Рыбас.

Жылу желілері кәсіпорнының жабдықтарын жаңартуға жұмсалатын қаражат 273,946 млн. теңгені құрайды, Еуропалық қалпына келтіру және даму банкінен алынған қарыз аясында 213,8 млн. теңге жіберіледі, жылу өтетін жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін 360,480 млн. теңге бөлінбек (кәсіпорынның жөндеу қоры).

Осылайша, 2015 жылы жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға 2,5 млрд. жуық теңге салынатын болады.

Соңғы жаңалықтар