2015 жылы Петропавлда дүниеге 20 нәресте келді (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Петропавлда 20 нәресте дүниеге келді.

«Жаңа жылда облыстық перзентханада 20 нәресте дүниеге келді. Соның 11-і ұл, 9-ы - қыз балалар. Нәрестелер өздерін жақсы сезінуде. Көбін үйлеріне шығарылды», - деп ақпараттандырды облыстық перзентханадағы босану бөлімінің дәрігер-ординаторы Анна Кухарук.

Қуанышты оқиға солтүстікқазақстандық Рахиевтердің отбасында да болды. Бұл жұптың көптен күткен қызы Алина дүниеге келді. Рахиевтердің үлкен ұлы Әлихан 6 жаста.

«Мен бақытты әкемін. Ұрпағымды жалғастыратын ұлым бар, енді, міне, қызым да дүниеге келді. Біз оның есімін Алина деп қойдық. Салмағы шамамен 3 келі, бойы 52 сантиметр. Әрбір қазақстандық отбасында көп бақыт пен көп бала болсын! Бұл - өмірдің мәні», - деді Абзал Рахиев.

Соңғы жаңалықтар