2015 жылы мемлекеттік органдар тексерулері 55 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар айында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тексеру тағайындау туралы барлығы 4 045 акт тіркелді.

«Кәсіпкерлер құқығын, олардың қызметіне мемлекеттік бақылаушы органдардың заңсыз араласуынан қорғау жұмысы басым бағыттарының бірі болып саналады. Соңғы жылдардағы мәліметтерге қарағанда, тексерулер, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерулер саны төмендеп отыр», - делінген комитет мәліметінде.

Бұған 2014 жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий ықпал етті. Мәселен, 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген тексерулер саны өткен айда 4 793-ке немесе 55 пайызға (8 838-ден 4 045-ке) төмендеді.

Бұл ретте, жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру саны 4 129-ға немесе 76 пайызға (5 468-ден 1 339-ға) төмендеді. Тексерілетін субъектілерді олардың жұмысына заңсыз араласудан қорғау тәртібінде Комитет осы уақыт ішінде 30 тексеру тағайындау актісін тіркеуден бас тартса, оның 19-ы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болды. Осы уақытта 1 заңсыз тексеру анықталды.

Соңғы жаңалықтар